Биыл ақпан айының 25-і күні Бесағаш ауылының жанындағы тоғайдан 17 жастағы қазақ қызының қорланған мәйіті табылғандығы жайлы Азаттық бұдан бұрын да хабарлаған еді. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірнеше күннен кейін күдікті ретінде осы ауылдың 22 жастағы күрд азаматы ұсталған.
«НЕДЕН ӨЛГЕНІН БІЛМЕЙМІЗ»
Көз жұмған бойжеткеннің туыстары наурыздың 29-ы күні Алматыда жиын өткізді. Олар кәмелетке толмаған Жанайым Сыдықованың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық істің барысына көңілдері толмайтындықтарын айтты.
- Әлі күнге дейін қызымыздың неден өлгенін білмейміз. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы әлі жоқ, – дейді марқұмның немере ағасы Есқали Сыдықов.
Оның айтуынша, қыздары ақпанның 23-і күні жоғалып кеткен.
- Сол күні түскі сағат 12-нің шамасында анасымен телефонмен сөйлесіп, үйге келе жатқандығын айтқан. Сағат 13.00 шамасында телефоны сөніп қалған, - дейді Жанайымның нағашы әжесі Сұлушаш Көмекбаева.
Сол күні-ақ іздеу салған туыстары екі күн өткен соң қыздарының өлі денесін ауыл маңындағы тоғайдан тапқан. Есқали Сыздықов қыз баланың өзге жерде қорланғанын, сүйегін ауыл маңына әкеліп тастағанын анықтау үшін әккі тергеуші болудың қажет жоқ дегенді айтады.
«100 МЫҢ ДОЛЛАР БЕРЕЙІК»
Қайтыс болған қыздың туысы Есқали Сыдықовтың айтуынша, осыдан бір апта бұрын бірнеше азамат келіп, жағдайды бейбіт жолмен шешпек болған.
– Осыдан шамамен бір апта бұрын, ауыл әкімі бар, ауылдың ақсақалдары мен күрд диаспорасының өкілдері – бірнеше азаматпен кездестік. Олар бізге «Алматының ортасынан үй алып берейік, не болмаса 100 мың доллар берейік» деді. Мен «неғылар екен» деп, «бұларың аз ғой» дедім. «Менің орнымда болсаң, сен не істеуші едің – баға белгілеуші ма едің?» дедім. Олар үндемеді, – дейді марқұмның туысы.
Бұл істегі басты айыпталушы – Ахмед Қахаоғлының әпкесі Мери Ибооғлы марқұмның туыстарына ешқандай ақша ұсынбағандарын айтады.
– Қайғылы оқиға болғаннан кейін жерлеуге, жетісі немесе қырқын өткізуге көмектесейік пе деген ойымыз болған. Алайда олар бас тартты. Біз әлі олармен көзбе-көз кездескен емеспіз. Біздің мыңдап беретін ақшамыз да жоқ, - деді Азаттыққа сейсенбі күні түсініктеме берген Мери Ибооғлы.
- Бұл жерде адам өліп отыр. Өте ауыр бап, ауыр қылмыспен адам айыпталып отыр. Қылмыстық іс қозғалды. Кешірім сұрап, аяғына жығылып жатса – өздері біледі, – деді Садықов мырза.
«ҚЫЛМЫСКЕРДІҢ ҰЛТЫ БОЛМАЙДЫ»
Жиында жасөспірім қызды қорлаған бір адам емес, бірнеше кісі болғандығы жайлы айтылды.
– Тіпті анау қамауда отырған жігіттің әпкесі де оның жалғыз емес, жанында тағы төрт жігіт болғандығын айтты. Соған қарамастан бір ғана күрдті қамап қойды, – дейді Есқали Сыдықов.
Жиынға келген «Желтоқсан» ұйымының өкілдері «бұл әдейі істеліп отыр» дегенді айтады.
Есқали Сыздықов соңғы жылдары «өзге ұлт өкілдерінің қазақтарға қастандық жасауы жиілеп кетті» дегенді айтады.
– Маловодныйда болды – онда «жарайды, өзіміздің жігіттер сыйыспады» дедік. Шелекте болғанды да «жігіттер өзара жанжалдасып қалды» дедік. Енді мына қыздың не кінәсі бар? Айтыңыздаршы! – дейді Есқали Сыдықов.
Алайда жиынға қатысқан Алматы облыстық ішкі істер департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Юрий Редько, «қылмыскердің ұлты болмайтындығын» атап өтті.
Қамауда отырған Ахмед Қахаоғлының әпкесі Мери Ибооғлы да бұл қылмысты інісінен өзге бірнеше адам жасағандығын айтады.
– Менің інімнің еш кінәсі жоқ. Мүмкін, ол сол жерде қарап тұрған болар. Бірақ қылмысты істеген – ол емес, одан өзге бірнеше адам. Бірақ менің інім, неге екені түсініксіз, бар кінәні өз мойнына алып отыр. Біз ұсталғалы бері Ахмедпен кездеспедік. Тек адвокатпен ғана кездесуге рұқсат бар, – деді Мери Ибооғлы Азаттық радиосына.
«ӨСЕК-АЯҢ»
Талғар аудандық ішкі істер департаментінің орынбасары Нұржан Садықов «жиналғандардың бүгінгі ашуы негізсіз, өйткені, айтылғандардың көбісі – тек сыбыстың деңгейіндегі ғана әңгімелер» дейді.
– Сіздердің «анау айтты, мынау айтты» деп талқылап жатқандарыңыз – өсек-аяң. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ол аяқталғанан кейін іс құжаттарымен жәбірленуші жақты толығымен таныстырамыз. Ал сот-медициналық сараптама жұмыстарына заң бойынша екі ай беріледі. Сондықтан қазір бұл іске қатысты тергеу заңның аясында жүріп жатыр. Мен сіздерге әділ тергеу жүреді деп уәде беремін, – деді Садықов марқұмның туыстарына.
Садықовтың сөзінше, қамауға алынға айыпталушыға қылмыстық кодекстің 96 және 179-баптары бойынша «Қарақшылық ниет», «Жасөспірімді өлтірді» деген айып тағылып отыр.
Қазір айыпталушы азаматтың ата-анасы мен туыстары (барлығы екі отбасы) бұған дейін өздері тұрған Талғар ауданынан Алматы қаласына көшіп кеткен екен.
«НЕДЕН ӨЛГЕНІН БІЛМЕЙМІЗ»
Көз жұмған бойжеткеннің туыстары наурыздың 29-ы күні Алматыда жиын өткізді. Олар кәмелетке толмаған Жанайым Сыдықованың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық істің барысына көңілдері толмайтындықтарын айтты.
- Әлі күнге дейін қызымыздың неден өлгенін білмейміз. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы әлі жоқ, – дейді марқұмның немере ағасы Есқали Сыдықов.
Оның айтуынша, қыздары ақпанның 23-і күні жоғалып кеткен.
- Сол күні түскі сағат 12-нің шамасында анасымен телефонмен сөйлесіп, үйге келе жатқандығын айтқан. Сағат 13.00 шамасында телефоны сөніп қалған, - дейді Жанайымның нағашы әжесі Сұлушаш Көмекбаева.
Сол күні-ақ іздеу салған туыстары екі күн өткен соң қыздарының өлі денесін ауыл маңындағы тоғайдан тапқан. Есқали Сыздықов қыз баланың өзге жерде қорланғанын, сүйегін ауыл маңына әкеліп тастағанын анықтау үшін әккі тергеуші болудың қажет жоқ дегенді айтады.
Есқали Сыдықов - Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында кісі қолынан көз жұмған Жанайым Сыдықованың немере ағасы. Алматы, 29 наурыз 2011 жыл.
- Біз таудың ішінде тұрамыз. Ол жерде ит те, қорқау қасқыр да жүреді. Екі күн бойы оның денесі сол жерде жатса, оны талап, ең болмағанда тістелеп кетуші еді. Курткасы да, киімдері де жыртылмаған. Меніңше, екі күн бойы басқа жерде болып, сол күні сол маңайға алып келіп, тастап кеткен болуы керек, – дейді Есқали Сыдықов. «100 МЫҢ ДОЛЛАР БЕРЕЙІК»
Қайтыс болған қыздың туысы Есқали Сыдықовтың айтуынша, осыдан бір апта бұрын бірнеше азамат келіп, жағдайды бейбіт жолмен шешпек болған.
– Осыдан шамамен бір апта бұрын, ауыл әкімі бар, ауылдың ақсақалдары мен күрд диаспорасының өкілдері – бірнеше азаматпен кездестік. Олар бізге «Алматының ортасынан үй алып берейік, не болмаса 100 мың доллар берейік» деді. Мен «неғылар екен» деп, «бұларың аз ғой» дедім. «Менің орнымда болсаң, сен не істеуші едің – баға белгілеуші ма едің?» дедім. Олар үндемеді, – дейді марқұмның туысы.
Бұл істегі басты айыпталушы – Ахмед Қахаоғлының әпкесі Мери Ибооғлы марқұмның туыстарына ешқандай ақша ұсынбағандарын айтады.
– Қайғылы оқиға болғаннан кейін жерлеуге, жетісі немесе қырқын өткізуге көмектесейік пе деген ойымыз болған. Алайда олар бас тартты. Біз әлі олармен көзбе-көз кездескен емеспіз. Біздің мыңдап беретін ақшамыз да жоқ, - деді Азаттыққа сейсенбі күні түсініктеме берген Мери Ибооғлы.
Нұржан Садықов - Талғар аудандық ішкі істер департаментінің орынбасары, полиция полковнигі. Алматы, 29 наурыз 2011 жыл.
Алматыдағы жиынға келген Талғар аудандық ішкі істер департаментінің орынбасары Нұржан Садықов қатысушылардың сұрақтарына жауап беруге тырысты. Оның сөзінше, істі бейбіт жолмен шешу – екі тараптың еншісінде. - Бұл жерде адам өліп отыр. Өте ауыр бап, ауыр қылмыспен адам айыпталып отыр. Қылмыстық іс қозғалды. Кешірім сұрап, аяғына жығылып жатса – өздері біледі, – деді Садықов мырза.
«ҚЫЛМЫСКЕРДІҢ ҰЛТЫ БОЛМАЙДЫ»
Жиында жасөспірім қызды қорлаған бір адам емес, бірнеше кісі болғандығы жайлы айтылды.
– Тіпті анау қамауда отырған жігіттің әпкесі де оның жалғыз емес, жанында тағы төрт жігіт болғандығын айтты. Соған қарамастан бір ғана күрдті қамап қойды, – дейді Есқали Сыдықов.
Жиынға келген «Желтоқсан» ұйымының өкілдері «бұл әдейі істеліп отыр» дегенді айтады.
Юрий Редько - Алматы облыстық ішкі істер департаменті қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары. Алматы, 29 наурыз 2011 жыл.
– Егер айыпталушы бір ғана күрд азаматы болса, бұл іс – қарапайым қылмыс болып қала береді. Ал егер бірнеше күрд азаматтарының қазақ қызын қорлағаны анықталса, ол ұлтаралық сипат алып кетуі мүмкін деп қорқады билік, - деді «Ұлт қорғаны» комитетінің Алматыдағы жетекшісі Қыдырәлі Дәулетбаев. Есқали Сыздықов соңғы жылдары «өзге ұлт өкілдерінің қазақтарға қастандық жасауы жиілеп кетті» дегенді айтады.