Қазақстанда тағы бір адам дерттен айықты. Аурудан жазылғандар саны - 15
Денсаулық сақтау министрлігінің 28 наурыз 15:00-дегі дерегі бойынша, Қазақстанда тағы бір науқас дертінен айықты. Елде қазір барлығы 15 адам Covid-19 ауруынан жазылды.
Төтенше жағдай кезінде беташар жасаған тұрғын бес тәулікке қамалды
Жамбыл облысында төтенше жағдай кезінде бешатар ұйымдастырған 30 жастағы тұрғын бес тәулікке қамалды. Оған “Төтенше жағдай ережесін бұзды” деген айып тағылды. Ал полиция беташар жасаған асабаға ескерту жасаған.
Осыған дейін желіде "Коронавирус кет, кет" әніне билеп, той өткізіп жатқан видео тараған.
Коронавирус деген не? Бүлдіршіндерге түсіндіреміз
Бұл видео 3-8 жастағы балаларға арналған. Бала тілімен үйде отыру не үшін маңызды екенін бүлдіршіндерге бірге түсіндірелік.
Қарағанды облысында үш адамнан, Атырау облысында бір адамнан вирус табылды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 28 наурыз 20.28-дегі дерегі бойынша, Қарағанды облысында - үш адамнан, Атырау облысында бір адамнан коронавирус табылды.
Қазір Қазақстанда 208 адам вирус жұқтырды. Елде 15 адам Covid-19 дертінен айықты. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 64 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған. Оның вирус жұқтырғаны қайтыс болған соң белгілі болған.
ПІКІРЛЕР