Биылғы Ұлттық бірыңғай тест сынақтарының қортындысы бойынша талапкерлердің жоғары оқу орнына түсу үшін конкурсқа қатысуына қажетті балл саны төмендетілді. Енді 45 балл жинаған түлектер де мемлекеттік грантқа үміткер бола алады. Бұл туралы Қазақстанның Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев маусымның 23-і күні тестілеу қорытындысын жариялау барысында мәлімдеді.
Мектепті биыл бітірген Назым Байділдә жақында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуден 66 балл жинапты. Бұдан да жоғары балға қол жеткізуге болатындығын айтқан Назым уақытының көбін қазақ тілінен дайындалуға жібергенін айтады. Кейіннен қазақ тілінен жинаған баллдың сертификатқа қосылмайтыны белгілі болды дейді ол:
- Мәселен, математикадан өте қиын сұрақтар келді. Математика бойынша 25 балдың 15-ін ғана алдым. Мен қазақ тілінен тапсырмағанда, мүмкін екі-үш балл жоғары алар ма едім.
Биылғы жылы тестілеуге енгізілген өзгерістерге сәйкес, жоғары оқу орнына түсу конкурсына қатысу үшін ең төменгі меже 45 балл болғаны туралы хабар Назым үшін қуанышты жаңалық болды:
- Мен оны естігенде қатты қуандым. Мүмкін, мен де грантқа өтіп кететін шығармын. Өйткені, қазір екінің бірі оқуға түсе алмайды, мүмкіндіктері жоқ. Ауылдан келетіндер бар. Біз қалада оқып жатсақ та ондай мүмкіндігіміз жоқ. Осы жылы оқу бағасы тағы да қымбаттады дейді.
Жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік беретін конкурсқа өту балының төмендегенін маусымның 23-і күні Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев хабарлады. Сондай ақ, бір балл жетпей қалған «Алтын белгіге» үміткер түлектерге министр «Алтын белгі» табысталатынын да айтты. Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мақсат Ілиясұлы аталған өзгерістердің себебін былайша түсіндіреді:
- Түрлі себептерге байланысты өзгеріс енгізіліп отыр. Оның ішінде орыс мектептерінде қазақ тілі, қазақ мектептерінде орыс тілі пәнінің кіргізілуі де бар. Тағы да басқа себептермен конкурсқа түсуге мүмкіндік беретін шекті меже 50 балдан 45 балға төмендетілді.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, биылғы тестілеудің ерекшелігі - тестің дұрыс жауаптарының өткен жылдардағыдай сатылмауы болып отыр. Сондай ақ, жоғары балл жинаған балалар саны 2007 жылмен салыстырғанда шамамен екі есеге төмендесе, есесіне «жақсы» баға алған түлектер саны 17 пайызға көбейіпті.
Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназия директоры Аягүл Төреқызы тестілеуге енгізілген өзгерістер оқушылардың жоғары балл жинауына кедергі жасағанын айтады. Сол себепті ұстаз талапкерлер үшін конкурсқа қатысу балының төмендетілгенін дұрыс санайды:
- Орыс тілінен қазақ мектептері, қазақ тілінен орыс мектептері жанын салып дайындалды. Уақыттары кетті. Ата-аналар арасында, оқушылар арасында алған балдарының қосылмай қалғандарына наразылық танытқандары болды. Мен өзімнің мектебім бойынша айтсам, көп балалар 25 сұрақтың 24-іне, 23-іне, 21-іне дұрыс жауап берді. Бірақ, тест қортындысында орыс тілі сынағынан жинаған балын алып тастағанда 45-ке де жетпей қалғандары болды.
Ал 5 баланың анасы Қалима Дөнентайқызы конкурсқа қатысу балының төмендегенін құптамайды. Оның айтуынша, оңай жолмен алынған дипломның қадірі де болмайды.
- Бұдан кейін «Аз балмен де жоғары оқу орнына түсіп, оңай диплом алуға болады екен» деп балалардың көзқарасы өзгереді. Кейбір балалар қиналып 90-100 балл алады. 45 балл мен 90 балл арасында көп айырмашылық бар. Былтыр 60-100 балл алған балалар оқуға түсе алмай қалды. Ал 45 балл деген мүлде аз. Мәселен, педагогикалық университетке әлгіндей аз балмен түсіп, бітіріп шыққан түлек мектепке мұғалім болып келді дейік, сонда одан қандай мұғалім шығады? Ертең қайтіп балаларға білім береді?
Аталған өзгеріс биылдан бастап күшіне енеді. Білім және ғылым министрінің айтуынша, сонымен бірге тестілеуден жоғары балл алып, жоғары оқу орнына түскендер арнайы комиссиядан өтеді. Министрдің бұлайша шешім шығаруына кейбір мектептердің былтырғы жылмен салыстырғанда аяқ астынан төмен көрсеткіш көрсетуі себеп болыпты.