Хаджич Халықаралық трибуналға жауап беруден бас тартты

Горан Хаджич Гаага сотында. 25 шілде 2011 жыл.

Хорватиядағы сербтердің бұрынғы жетекшісі Горан Хаджич дүйсенбі күні Халықаралық трибунал сауалына жауап беруден бас тартты. Оған бұрынғы Югославияда жасаған қылмысы үшін өзін айыпты сезінетін-сезінбейтіні жөнінде сұрақ қойылған еді.

Горан Хаджич 1991 жылы 250 тұтқынды өлтірді және Вуковар қаласын қиратуға қатысты деп айыпталып отыр. Оған басқа да айыптар тағылған.

Хаджич - Гаага соты әскери қылмысқа барды деп айыпталған 161 адамның соңғысы.

2004 жылдан бері бой тасалап жүрген ол шілденің 20-сында Сербияда қолға түскен еді.