26 наурыз таңертеңгі сағат 10.25-тегі дерек бойынша, Алматыда тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Науқас туралы толық мәлімет айтылған жоқ. Қалада шамамен үш сағаттың ішінде сегіз адамнан вирус табылып отыр. Таңертеңгі сағат 8 шамасында министрлік жеті науқас анықталғанын хабарлаған.
Елде қазір 121 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыда - 48 адам, Нұр-Сұлтанда - 61 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам.
26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. 25 наурызда Алматыда бір, Нұр-Сұлтанда бір науқас дертінен айыққан еді.