Тоқаев қорына "ақша жинау", абақтыдағы журналист
Your browser doesn’t support HTML5
Ratel сайты президент Қасым-Жомарт Тоқаев атынан ашылған қор кәсіпкерлерді ақша аударуға мәжбүрлеп жатқанын жазды. Ақпаратқа Ақорда жауап қатпады. "Аманат" партиясы мен ОСК мақаладағы мәліметті растамады, бірақ терістеген де жоқ. Президент сайлауын бақылауға ниеттілер біріге бастады. "Сайлаудың қорытындысы белгілі" деген олар процестің өзін бақылау маңызды екенін айтады. "Митинг өткізу тәртібін бұзды" деп 15 күнге қамалған журналист абақтыдан хат жазды. Ол 6 күнге созылған аштық акциясын тоқтатқанын мәлімдеді.