- Бұл батыстың өзінің көпвекторлы саясатынан айрылғысы келмеген Қазақстанның құлшынысын қолдауы. Сондықтан кездесуде экономикалық дағдарыс, Ресейдің саясаты, Баку - Джейхан – Тбилиси мұнай құбыры сияқты мәселелер талқыланды.
Сарапшылар Қазақстан дипломатиялық қарым қатынаста тек Ресейдің ғана көңілін ауламай, бір уақ Батыстың да талап-тілектерін тыңдауға әзір екенін көрсетті. Бұған Кәрім Мәсімовтың «Қазақстан энергоресурстарды тасымалдауда көпвекторлы саясатты жақтаушы болып қала береді, бұл Әзірбайжан мен Грузияға да қатысты» деген сөзі дәлел болған көрінеді, - дейді.
- Кандолиза Райс Қазақстанға осыған дейін экономикалық, сауда-кедендік, сондай ақ, ядролық энергетика саласында әріптестігін нығайту үшін келген Ресей президенті сапарынан соң, екі апта өткеннен кейін келіп отыр. АҚШ-тың алдында Қазақстанды «жоғалтып алу» қаупі туындаған еді. Енді ол Қазақстанды Ресейдің ықпалынан ажыратып алмақшы. Бұл геосаяси күрестер Қазақстанда жақын күндері одан әрі жаңа қарқынмен жайыла түседі, - дейді Орталық Азия экономикалық зерттеулер институтының сарапшысы Қадыржан Смағұлов.
2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететін Қазақстанға әлемдік ірі мемлекеттердің ықпалы арта түспек, сондықтан Қазақстанға болашақта аталған елдермен қарым қатынасын әлсіретуге тура келетін шығар дейді сарапшы. ЕҚЫҰ демекші, оған басшылық жасауда Қазақстан халықаралық маңызды мәселелерді шешетін болады, сондықтан Қазақстанға саяси-экономикалық қарым қатынастары үшін жайбарақат мезгіл әлі алыс деп топшылайды саясаттанушы Айдос Сарым.
- Қазақстан келесі жылдары ЕҚЫҰ-ны басқарады Сол кезде амалсыздан Грузия мәселесімен айналысуға тура келетіні анық. Ол енді ертең шешілетін мәселе емес қой. Сол кезде белгілі бір шараларды өткізу керек болар, АҚШ өзі араласпаса да, Еуроодақ арқылы, Қазақстан арқылы біраз шаруалар атқару мүмкін. Көбісі жабық есік жағдайында өтті ғой, ондағы талқыланған мәселелерді дөп басып айту қиын.
Кездесу барысында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанның Ауғанстан экономикасына инвестиция құю мәселесін алға тартып, НАТО-ның бағдарламасын қабылдаған Қазақстанды ел экономикасын қалпына келтіруге шақырды.
- Қазақстан ауған экономикасына қаржы құйған ірі инвесторлардың бірі. Қазақстан аталған елде тұрақтылықтың сақталып тұруына мүдделі болып отыр, себебі, қақтығыс ошағы ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қауіпті болуы мүмкін, - дейді Орталық Азия экономикалық зерттеулер институтының сарапшысы Қадыржан Смағұлов
Жергілікті ақпарат көздеріне сенсек, жақын арада қазақ үкіметі басшысының Ауғанстанға іссапары жоспарланып отыр.