Алматы сотында сауда орталығының тұтынушы мен газетке қарсы шағымы қаралып жатыр. Заңгердің пікірінше, дүкенге барған адам өзінің құқығын да білуі керек.
Қазанның 18-і күні Алматы қаласының Жетісу аудандық сотында Green сауда орталығының тұтынушы Назым Мукайямаға және «Время» газетіне қарсы берген шағымы бойынша әкімшілік сот процесінің отырысы өтті.
Сот отырысына шағым беруші Green сауда орталығының өкілі, жауап берушілер – «Время» басылының өкілдері мен Назым Мукайяма және лингвист маман қатысты.
ТҰТЫНУШЫНЫҢ ШАҒЫМЫ
Биыл мамыр айында Қазақстан азаматы Назым Мукайяма 14 жастағы қызы – Жапония азаматы Аяка Мукайямамен бірге Green сауда орталығына барған. Анасының айтуынша, қызы дүкенге минералды судың бос пластик ыдысын ұстай кірген. Алайда шыға берісте сауда орталығының қызметкерлері қызы мен анасын тоқтатып, «суды ұрладыңдар, ақшасын төлеңдер» деген.
– Қызымыз екеуімізді Аслан Х. деген күзетшісі қосалқы бөлмеге кіргізіп, әбден ұрсып, қызымды жылатып, айтпаған сөздерді айтты. Кейін видеодан қызымның суды ұрламағанын көргеннен кейін де кешірім сұрамай, қуып шықты, – деді Назым Мукайяма.
Оның сөзінше, оқиға болғаннан кейін өзі полиция шақыртқан, алайда «ешқандай қылмыс болмағандықтан» қылмыстық іс қозғалмаған.
– Мен құқығымды қалайда қорғау мақсатында «Время» басылымына шағымданып, онда «Это вам не Япония» деген мақала жарық көрді. Кейін мен Жапонияға кетіп қалғанда Green «Времяны» сотқа бергенін естідім, мен сол істе куәгер ретінде шақырылдым. Осыдан кейін мен де Green-ге қарсы арыз түсірдім, – дейді Назым Мукайяма.
Green сауда орталығы газетте жарық көрген мақала өздерінің «ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргенін» айтып, газеттен 5 миллион теңге өндіріп беруді сұраған. Кейін Green-ді сотқа берген Назым Мукайяма да «ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келгенін» айтып, сауда орталығына дәл 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлетуді талап еткен
СОТ БАРЫСЫ
Қазанның 18-і күнгі сотта Назым Мукайяманың ресми өкілі Ермек Нарымбаев бірнеше өтініш айтты. Оның бірі – «супермаркетке Аяка Мукайяма кірген және шыққан сәті, оны супермаркет қызметкерлері ұстап әкеткен сәті бар бейнежазбаны іс материалдарына қосу».
– Бұл бейнежазба супермаркет қызметкерлерінің 14 жастағы қызды жазықсыз кінәлағанына дәлел бола алады, – деді Ермек Нарымбаев.
Алайда шағымданушы тараптың – Green сауда орталығының өкілі «бүгінгі істе супермаркет қызметкерлерінің қызметі емес, жалпы компанияға қатысты жазылған мақала сөз болып жатқанын» айтып, «бейнежазбаның іс материалдарына қосылуы – артық» деді.
Ермек Нарымбаев «Назым Мукайяма мен оның қызына супермаркет қызметкерлері айтқан балағат сөздерге баға беруін өтініп» еді, судья Нұржан Құдиярбеков «ол үшін өзге сараптама жасау қажет» деді.
Осындай бірнеше талабы орындалмаған Ермек Нарымбаев судьяға сенімсіздік білдіріп, оны ауыстыру туралы өтініш түсірді. Алайда оның бұл өтініші де іске аспады.
Бұл іске байланысты келесі сот отырысы қашан өтетіні әлі хабарланған жоқ.
«МАҚАЛА КІМГЕ ҚАТЫСТЫ?»
Green супермаркетінің сотқа қатысқан өкілі Алмат Нурмамбетов өз қызметкерлерінің заң бұзбағанын айтады.
– Бұл – тосын оқиға. Назым Мукайяма бұл жағдайды өзі тудырғанына қарамастан, қазір өз позициясын сотта қорғамақ. Біздің қызметкер «Қолыңыздағы не су?» деп жай ғана сұраған болатын. Бірақ ол [қызметкеріміздің] жеке басын қорлайтын сөздер айтып, айқай-шумен жауап берген, – дейді сауда орталығының өкілі.
Алмат Нурмамбетов газет пен клиентті сотқа берген себептерін «мақала жарияланғаннан кейін Green супермаркетінде бұзақылар жұмыс істейтіндей әсер қалып отыр, біз мұнымен келіспейміз» деп түсіндірді.
Сотқа қатысқан лингвист маман Валентин Лидің пікірінше, «Время» газетінің мақаласында супермаркет қызметкерлеріне қатысты негативті баға берілген, бірақ мақалада қолданылған сөздер ар-намысқа тимейді».
– Супермаркет қызметкеріне байланысты айтылған «бугай» («бұқа») сөзі оның дене бітіміне қатысты. Ал мақалада заңды тұлғаға (супермаркетке) емес, жеке тұлғаға (ана мен баланы алып кеткен супермаркет қызметкеріне) баға берілген, – дейді Валентин Ли.
«Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау одағы төрағасының орынбасары Тұрсын Жағыпарованың айтуынша, елдегі қызмет көрсету орындарында тұтынушының құқығы көп бұзылады, алайда көбінесе заңгерлердің арқасында іс сотқа жетпей шешіледі.
Оның сөзінше, тұтынушының құқықтық сауатсыздығы сауда орталығы қызметкерлерінің өкілетін асыра қолдануына негіз болады.
– Супермаркет күзетшілерінің құқықтары өте шектеулі. Олардың ешкімді тінтуге, жеке заттарына тиісуге құқығы жоқ. Күзетшінің міндеті – затты күзету. Егер күзетіп отырған затты біреу алды деген күдік болса, полиция шақырып, олар келгенде күдіктіні ұстауға ғана құқылы. Бірақ клиентті басқа бір жерге алып кетуге, күш көрсетіп, балағаттауға күзетшінің ешқандай құқығы жоқ, – деді ол.
Жағыпарованың айтуынша, тұтынушы «дүкенге кірерде қолында онда сатылып жатқан тауарға ұқсас заты болса, күзетшіге ескертуі керек».

Тұтынушының құқықтық сауатсыздығы сауда орталығы қызметкерлерінің өкілетін асыра қолдануына негіз болады.