Бүгін Мюнхендегі «Альянс Арена» стадионында футболдан Чемпиондар лигасының финалдық матчы өтеді. Шешуші ойында германиялық «Бавария» және лондондық «Челси» командасы күш сынасады.
«БАВАРИЯ» МЮНХЕНДЕ ЖЕҢУДІ АРМАНДАЙДЫ
Мюнхендік «Бавария» командасы осыған дейін Чемпиондар кубогын төрт мәрте ұтыпты. Биылғы Чемпиондар лигасының финалына шығу неміс командасының басты мақсаты болды. Өз еліндегі шешуші ойынға шығар тұста бұл клуб жартылай финалда «Реал» командасын ұтты. Енді қазір Юпп Хайнкес командасының алдында Чемпиондар лигасын жеңу міндеті тұр.
Егер «Бавария» бүгінгі ойында басым түссе, өз алаңындағы финалдық кездесуде жеңіске жеткен екінші команда ретінде тарихқа енбек. Ең алғаш 1964-1965 жылы Италияның «Интер» командасы өз стадионында өткен финалдық ойында жеңіске жеткен еді.
Биылғы маусымда «Бавария» командасы Чемпиондар лигасын іріктеу кезеңінен бастады. Швейцарияның «Цюрих» командасын ұтып (3:0), одан кейін топтық кезеңде «Наполи», «Манчестер Сити» және «Вильяреалды» артқа тастап бірінші орын алды. 1/8 финалда «Базельді», ширек финалда «Олимпикті» жеңді. Ал жартылай финалда Чемпиондар лигасының биылғы фавориттері «Реалды» жарыстан шығарды.
Команданың бұл клубтық бәсекеде ойыны жүргенімен, Бундеслиганы ұта алмады. Биылғы Германия чемпионы атағын «Боруссия Дортмунд» командасы иеленді. Тіпті Германия кубогының финалында «Бавария» «Боруссиядан» ірі есеппен
ұтылды – 2:5. Ішкі біріншілікте кеткен есені мюнхендік команда бүгінгі финалда қайтаруға тырысары анық. «Бавария» Чемпиондар лигасының финалына сегіз рет шығып, төрт рет жеңіске жеткен.
«Бавария» жартылай қорғаушысы Бастиан Швайнштайгер УЕФА сайтына берген сұхбатында:
– Біз финалға жету үшін талай жолды артқа тастадық. Қазір команда шаршаңқы. Бірақ бойымызда жеңіске деген құштарлық басым. Чемпиондар лигасының финалы Мюнхенде өтетіні белгілі болған сәтте біз сол финалда ойнауды мақсат тұттық, – дейді.
Ал «Бавария» бапкері Юпп Хайнкестің айтуынша, «қос команданың да мүмкіндігі тең».
– Әрине, біз өз алаңымыздағы финалда жеңіске жету үшін жанымызды саламыз. Бірақ «Челси» командасының құрамында да Чемпиондар лигасын ұтуды армандап жүрген ойыншылар көп, – дейді бапкер.
БҰЛ – «ЧЕЛСИДІҢ» ФИНАЛҒА ЕКІНШІ РЕТ ШЫҒУЫ
«Челси» командасы Чемпиондар лигасының финалына осымен екінші рет шығып отыр. 2007-2008 жылғы маусымның шешуші кездесуінде лондондық команда
пенальти бойынша «Манчестер Юнайтед» командасынан жеңілген. Қазір «Челси» осы кеткен есені қайтаруға тырысары анық.
Биыл лондондық команда «Барселонаны» жарыстан шығарды. Ал топтық кезеңде «Байер», «Валенсия», «Генк» командаларын ұтты. Плей-офф кезеңінде «Наполи», «Бенфика» клубтарының жарыстан шығарды.
Бірақ «Челси» үшін де ішкі чемпионат жеңіл болған жоқ. Англия Премьер лигасында сүреңсіз ойын көрсетіп, маусым ортасында бас бапкер Андре Виллаш-Боаш отставкаға кетті. Кейін командаға жаттықтырушы болып Роберто Ди Маттео келді. Осы бапкердің арқасында команда Чемпиондар лигасының финалына шығып, Англия кубогын ұтып алды. Бірақ басты турнир – Англия чемпионатында бар болғаны алтыншы орын алды.
– Мюнхендік команда сапында мықты ойыншылар жеткілікті. Финалдық ойын тартысқа толы болады. Ал біздің бүгінгі құрамымыз – жақсы. Мықты ойыншылардың арқасында финалға шықтық. Барлық ойыншылар осыған дейін өз міндеттерін жақсы атқара білді. Мен өз ойыншыларыма бүгінгі ойында да сенемін, – дейді «Челси» бапкері Роберто Ди Маттео.
Ал goal.com порталына сұхбат берген «Челси» шабуылшысы Дидье Дрогба:
– Бүгінгі ойынның маңызы команда үшін жоғары. Кубокты ұту үшін екінші рет
мүмкіндік алып отырмыз. Финалда жеңіске жету үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді.
Фрэнк Лэмпардтың ойынша, бүгінгі ойын «Челси» үшін 2008 жылғы қателікті жөндеуге берілген үлкен мүмкіндік:
– Бар команда жеңілісті жек көреді. Біз осыған дейін бір рет финалда ұтылдық. Енді бұл жолы есе қайтаруымыз керек, – дейді ол.
Бұған дейін «Бавария» мен «Челси» Чемпиондар лигасында екі рет кездескен. Қос команданың жолы 2004/2005 жылғы маусымда ширек финалда түйіскен. Лондондағы ойында «Бавария» ұтылды (2:4). Ал Мюнхенде 3:2 есебімен жеңіске жеткен. Бірақ қос кездесудің нәтижесі бойынша «Челси» жартылай финалға шыққан еді.