Кейінгі екі күнде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өткізу пункттерінде ұзын сонар кезек пайда болып, шекарадан өтудің қиындағаны туралы ақпараттар көбейді. Осыған байланысты Азаттық тілшісі Жамбыл облысындағы Қордай шекара бекетіне барып, жағдайды көріп қайтты.
Солтүстік Қазақстан облысында сотталушылардың түрме басшылығына қысым көрдік деген арызы бойынша сот отырысы өтті. Олар соттан моральдық шығын өндіріп беруді сұрап отыр. Ал түрме әкімшілігінің пікірі басқа.
Желі қолданушылары президентке таныстырылған тағы бір латын әліпбиін талқылады.
Биыл үкіметтің қаулысымен арнайы белгіленген, Алашорда автономиясының құрылғанының 100 жылдығына қатысты науқан да аяқталуға тақау. Тарихшы Светлана Смағұлова 1917 жылы Алаш автономиясын құруға талпынған қайраткерлер туралы атаулы жылда әу бастағы бастамаларының кейбірі ескерілмей қалғанын айтады.
Желі қолданушылары орталық жылу жүйесі қашан қосылатынын талқылады.
5 қазанда Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгілік сауда нәтижесінде доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 345 теңге 37 тиынға, яғни биылғы жылғы ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Ұлттық валютаның құнсыздануы жұртқа қалай әсер етеді? Азаттық Алматы тұрғындарының пікірін білді.
Қазақстанда 2012 жылдың соңынан бері болған әуе апаттары туралы Азаттықтың шолуы.
Желі қолданушылары Владимир Васильевтің Ресейде Дағыстанға басшы болып тағайындалғанын талқылады.
Қазақстанда жанар-жағармай бағасының өсуі азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына себеп болмай ма? Ресей нарығының құбылуы қазақстандық тұтынушыларға қалай ықпал етеді? Осы және өзге де сұрақтарға экономист Мақсат Халық жауап берді.
Желі қолданушылары бағаның өсуі себептерін айтқан Данияр Ақышевтің сөздерін талқылады.
Желі қолданушылары әнші Дильназ Ахмадиеваның пікір жазған қолданушыны сотқа бермекші болғанын талқылады.
Мұғалімдер құқығын қорғайтын "Ар-Намыс" ұйымының жетекшісі Ғалия Әміртаева Қазақстан мектептерінде мұғалімдердің жетіспеу себебі туралы, оларды кәсіби міндетінен тыс науқандарға салу жайлы пікірін айтты.
Желі қолданушылары Шымкенттегі Қонаев пен Асқаровтың ескерткішін талқылап жатыр.
Желі қолданушылары үш бірдей жазушының туған күнін талқылап жатыр.
Желі қолданушылары Алматыда қолдан айфон жасап сатқандарды талқылап жатыр.
Швед ғалымдары, алыс және жолы қиын жерлерге дефибрилляторды жеткізу үшін оны дронға орнатқан. Мұндай аппарат жүрек талмасы ұстап қалған жандарға жедел көмек көрсетуге қажет.
Журналистердің құқығын қорғайтын халықаралық «Әділ сөз» ұйымының сарапшысы Ғалия Әженова БАҚ туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заң жобасы жөнінде пікірін айттты.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстан президенттігіне кандидат Өмірбек Бабановты қабылдағанына наразы болған Бішкек Астанаға нота жолдады. Бұдан соң Қазақстан да Қырғызстанға жауап нота тапсырды. Көрші екі ел арасындағы бұл оқиға қарым-қатынастарына салқынын тигізбей ме?
Қыркүйек айы басталғалы Алматыдағы "Оңай" қызмет көрсету орталығының алды - ұзын-сонар кезек. Оңайлатылған төлем картасын алуға келген студенттер мен оқушылар "таңнан кешке дейін отыратынын, базаның істемей қала беретінін" айтады.
"Маңғыстаудың газы шетке сатылады, өзіміз ештеңе көрмейміз!". Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Аққұдық ауылы тұрғындары газ, су, жол мәселелері шешілмей келе жатқанын айтады.
Тағы