Ресей ислам комитетінің төрағасы Гейдар Джемальды Бағанашылдағы зиратқа қойды.
Өзбекстан президенті сайлауына Алматыдағы өзбек елшілігінде дауыс бергендердің пікірі.
Қарағанды қаласындағы Станиславский атындағы театрда «Ақтастағы Ахико» спектаклінің премьерасы өтті. Бұл - Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Карлагта болған, бостандыққа шыққан соң Қазақстанда қалған жапон тұтқыны Ахико Тецуро жайлы туынды.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы Шұғыла ықшам ауданының бір топ тұрғыны қалалық әкімдік алдына жиналып, "өздеріне тиесілі" жерге меншік құқығын қалпына келтіруді талап етті.
Қызылорда қаласы Ғани Мұратбаев көшесіндегі бес қабатты үйдің тұрғындары «жылу жөнді берілмейді» деп наразы. Олар үйдегі 99 пәтердің кейбіріне жылу мүлде жетпейтінін, соның кесірінен пәтер іші көгеріп, сыз тартатынына шағым айтады.
Павлодар облысы Ленинский кентіндегі мектеп ұжымы оқушыларды жақсы оқуға ынталандырудың жаңа тәсілін тапқан. Оқушы күнделігіндегі бір күнде алған бес «бестігін» көрсетіп, мектеп асханасынан шайға қоса бір тәтті тоқаш алады.
Алматыда қыстың алғашқы ызғары сезіліп, қар жауды. Қардан соңғы қарбалас тұрғындарға қолайсыз тиді.
Шымкентте «целлофан жинап сатып күнелткен» көпбалалы отбасы туралы Азаттық мақаласынан соң оларға азық-түлік және киім-кешекпен көмектескен жандар көбейген. Жергілікті билік отбасындағы оқу бара алмай қалған балаларды мектепке қабылдауға уәде етіп отыр.
Ұлттық банк ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген, құны 10 мың теңгелік банкнотты таныстырды. 1993 жылы шыққан ақшада тарихи тұлғалардың бейнелері болған, ал 2000 жылдан бастап теңгеге адам бейнесі басылмаған. Азаттық алматылықтардың жаңа банкнот туралы пікірлерін сұрады.
Қызылорда қаласы Бұқарбай батыр көшесіндегі көп пәтерлі үйдің тұрғындары «жергілікті билік көшемізді тарылтып қойды» деп наразы. Олардың айтуынша, әкімдік көшенің жартысынан көп бөлігін жеке кәсіпкерге берген. Ал әкімдік «кәсіпкер бұл жерді заңды жолмен алған» дейді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Алматыдағы орталық мешіт ауласында халал өнімдердің жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкеге азық-түлік өндіретін 30-дан аса қазақстандық компания қатысты.
Шымкенттегі Қайтпас-2 шағын ауданындағы 420 балаға шақталған 59-мектепте 1502 оқушы үш ауысымда оқиды. Сыныптардың тарлығынан үш парта біріктіріп қойылып, оқушылар сығылысып отыруға мәжбүр. Шенеуніктер Шымкентте тағы он бір мектеп осындай мәселеге душар болуы мүмкін екенін айтады.
Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылындағы әскери қалашық тұрғындары соңғы кездері пәтер тонаушылардың күрт көбейгеніне шағымданады. Олардың сөзінше соңғы бір айда оннан астам пәтер тоналған. Жетіген полициясы тілші сұрағына жауап беруден бас тартты.
Алматыда "Оралман" деп аталған көркем фильмді журналистерге көрсетті. Фильм режиссері бұл тақырыпта кино түсіруге Азаттық материалдары да қозғау салғанын айтады. Алматы, 8 қараша 2016 жыл.
2016 жылы қыркүйектен бастап 1-сыныпқа «Әліппенің» орнына енгізілген «Сауат ашу» оқулығына ата-аналар мен парламент депутаттарының көңілі толмайды. 100 жылдан астам қолданыста болған «Әліппе» атауы тарих қойнауына кетті.
Солтүстік Қазақстанда 650 елді мекеннің жартысынан астамы советтік кезең атауларымен қалған. Ауыл мен көше атауын өзгертуді қолдайтын да, қарсы шығатын да тұрғындар жетерлік.
Атырауда жер реформасына қарсы митинг ұйымдастырды деп айыпталып қамауға алынған Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісі бойынша сот өтіп жатыр.
Алматы облысы Панфилов ауданындағы «Киелі ағаш» дейтін ағашқа тәу етіп барушылар көп. Дінтанушы мен ботаника маманы ағаштың бұлай аталуы дін мен ғылымға емес, халықтық дәстүр мен нанымға негізделгенін айтады.
Ресейден Астанаға жеткізілген Кейкі батырдың бас сүйегі Алматыдағы орталық мемлекеттік музейге әкелінді. Музей директоры Нұрсан Әлімбай бас сүйекке Венгрия мамандары антропологиялық зерттеу жүргізеді деп хабарлады.
Орталық Азия елдері мен АҚШ-тың дипломатиялық байланыс орнатқанына 25 жыл толу құрметіне арналған концертке қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік, түркімен және АҚШ-тың 18 жас музыканты қатысты.
Тағы