Таяқ жеген белсенді, Ертісбаевтың "жаулары", Нобель сыйлығы
Экс-президентке кеңесші болған Ермұхамет Ертісбаев АҚШ пен Батысты айыптайды. Оның Тоқаевты қолдаған құрылтайдағы сөзі Кремль пропагандасымен үндес шықты. Жаңаөзен қаласында жергілікті белсендіні біреулер соққыға жыққан. Айтуынша олар "арнайы жасақтың киімімен" келген. Нобельдің бейбітшілік саласындағы сыйлығының иегерлері анықталды. Норвегия комитеті биылғы сыйлыққа Украина, Ресей, Беларусь құқық қорғаушыларын лайық көрген.