Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды
25 қарашада Қазақстанда 168 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, бір күнде 82 науқас жазылды. Бір тәулік ішінде пневмонияның бұл түрінен 2 адам қайтыс болды.
1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 41 595 адамға жеткен, 30 289-ы жазылған. 434 адам қайтыс болған.
Сәрсенбі күні коронавирус жұққаны ПТР-тестпен дәлелденген науқастар арасында 7 адам өлімі тіркелді. Наурыз айынан бері 2008 адам қайтыс болды. Өлім-жітімді зерттеу комиссиясы олардың өліміне "коронавирус" себеп болды дейді.
Елде коронавирус жұқтырғандар мен "пневмонияға" шалдыққандар 169 995 адамға жеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмония түрін Covid-ке жатқызып, екі мәліметті бірге есептеуге кеңес берген. Көрші Қырғызстан екеуін бірге есептеп келеді. Қазақстан әзірге кеңеске құлақ түрген жоқ.
Денсаулық сақтау министрлігі аймақтағы "пневмония" ахуалы жайлы мәліметті сирек жариялайды.
Қазір коронавирус инфекциясынан – шамамен 11 мың, коронавирус пневмониясынан 11 мың адам емделіп жатыр. Коронавирус жұққаны тестпен расталғандар арасында 210 адамның жағдайы – ауыр, 32 адамның халі – өте ауыр, 30 адам тыныс алу аппаратына қосылған.
Көптеген сарапшылар Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар ресми мәліметте көрсетілген саннан әлдеқайда көп деп санайды.
25 қарашада коронавирус жұққан 820 науқас анықталды, 474 адам жазылды
Кеше, 25 қарашада Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 820 адам анықталды. Бір күнде 474 адам жазылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, сәрсенбі күні ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (164) тіркелген. Солтүстік Қазақстан облысында - 114, Павлодар облысында - 110, Нұр-Сұлтанда - 77, Алматы қаласында - 77, Ақмола облысында - 75, Қостанай облысында 63 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.
Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендер 128 400 адамға жетті: 114 мыңнан астамы жазылған, 2001-і қайтыс болған.
Қазақстанның коронавирус статистикасына коронавирус пневмониясына шалдыққандар есебі енгізілмеген. 1 тамыздан бері 41 427 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 432 адам қайтыс болған, 30 мыңнан астамы жазылған.
Бұған қоса, коронавирус статистикасына Covid жұққан, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" делінген жүздеген адам өлімі де енгізілмеген.
Кейбір мамандар Қазақстанның ресми орындары таратқан коронавирус мәліметке күмәнмен қарайды.
24 қарашада 204 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды
Бір күнде 91 адам жазылған. Сейсенбі күні коронавирустан - 5 адам, коронавирус пневмониясынан 4 адам қайтыс болды.
1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 41 427 адамға жеткен, 432 қайтыс болған. 30 207 адам жазылды.
Елде коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандарды қосса, науқастар 169 мыңнан асады. Коронавирус жұққаны тестпен расталғандар арасында 2001 адам өлімі тіркелген.
Кейбір сарапшылар коронавирус жұққандар мен одан қайтыс болғандар бұдан да көп болуы мүмкін дейді.
24 қарашада коронавирус жұққан 720 науқас анықталды, 701 адам жазылды
Кеше, 24 қарашада Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 720 адам анықталды. Бір күнде 701 адам жазылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, сейсенбі күні ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (160) тіркелген. Павлодар облысында - 112, Солтүстік Қазақстан облысында - 112, Ақмола облысында - 69, Қостанай облысында 66 науқас табылған. Нұр-Сұлтанда - 50, Алматы қаласында 43 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.
Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендер 127 580 адамға жетті: 114 мыңнан астамы жазылған, 1996-ы қайтыс болған.
Қазақстанның коронавирус статистикасына коронавирус пневмониясына шалдыққандар есебі енгізілмеген. 1 тамыздан бері 41 223 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 428 адам қайтыс болған, 30 мыңнан астамы жазылған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус картасында екі мәлімет (коронавирус пен коронавирус пневмониясы есебі) қосылып көрсетілгенмен Джонс Хопкинс университеті коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендерді ғана картасына енгізіп отыр. Қазақстан билігі басында бұл екі мәліметті біріктіріп көрсетуге уәде бергенмен орындамады.
Қазақстанның коронавирус статистикасына Covid жұққан, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" делінген жүздеген адам өлімі де енгізілмеген.
Кейбір мамандар Қазақстанның ресми орындары таратқан коронавирус мәліметке күмәнмен қарайды.
ПІКІРЛЕР