Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

07:58 28.3.2020

Дональд Трамп коронавирустың экономикаға кері әсерін жоюды көздейтін заңға қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус індетінің экономикаға кері әсерін жоюды көздейтін заңға қол қойды. Осыған дейін өкілдер палатасы құны 2,2 трлн долларға бағаланған құжаттар пакетін мақұлдаған еді.

Заң үш апта ішінде барлық салық төлеушілерге тікелей қаржылай көмек беруге мүмкіндік береді. 500 млрд доллар дағдарыстан зардап шеккен компанияларға жұмсалады. Үлкен отбасыларға 3000 долларға дейін бір реттік жәрдемақы төленеді. 290 млрд доллар осыған бөлінген.

Бұған қоса, 350 млрд доллар көлемінде шағын бизнеске несие беріледі. 100 млрд доллар емханалар мен денсаулық сақтау саласы ұйымдарына бөлінеді.

08:44 28.3.2020

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік толық тоқтайды

Автобустарды дезинфекциялап жүрген жұмысшылар. Көрнекі сурет.
Автобустарды дезинфекциялап жүрген жұмысшылар. Көрнекі сурет.

30 наурыз бен 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік толық тоқтайды деп хабарлады қала әкімі Алтай Көлгінов. Оның пікірінше, қатаң шаралар енгізбей коронавирустың таралуын тоқтату мүмкін емес.

"Науқастар саны барған сайын артып барады, өкінішке қарай адам өлімі де болды. Қайтыс болған адамның туыстары мен жақындарына қатты қайғырып көңіл айтамын. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Бұл инфекцияның қауіпті екенін, барлық қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін дәлелдейді. Біз ол аурухананы карантинге жаптық, кей дәрігерлерді карантинге жібердік" деді Көлгінов.

Әкімнің айтуынша, қаладағы N1 автобус паркі жұмысшыларының бірі коронавирус жұққан адаммен байланыста болғандықтан автобус паркі карантинге жабылған.

"Тұрғындар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автопаркті жаптық. Аумақ пен автобустарды дезинфекциядан өткіздік. Қатаң шара қолданбай инфекцияның таралуын тоқтата алмаймыз. Сондықтан 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында қоғамдық көліктер тоқтайды. Автобус парк жұмысшыларын толық тексереміз" деді әкім.

Ол сонымен бірге инфекциямен күресуге тікелей үлес қосып жатқан қызметкерлер мен жұмысшыларды көлікпен қамтамасыз ететінін айтты.

Коронавирус көп табылған Нұр-Сұлтан мен Алматы және екі адамнан вирус табылған Шымкентте 28 наурыздан бастап азаматтардың үйден шығуына шектеу қойылған. Сенбі күннен бастап үш қаланың тұрғындары жұмысқа, азық-түлік және дәрі алуға ғана шыға алады. 30 наурыздан бастап кәсіпорындар мен ұйымдардың басым бөлігінің жұмысы тоқтатылады.

Қазақстанда қазір 150 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыда - 55 адам, Нұр-Сұлтанда - 75 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында - бір адам, Атырау облысында - үш адам, Павлодар және Маңғыстау облысында әрқайсысында - бір адам.

26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. Оның коронавирус жұқтырғаны қайтыс болған соң анықталған. Елде барлығы төрт науқас: Алматыда - үш, Нұр-Сұлтанда бір адам дерттен айықты. Олардың бірі - 12 жасар қыз бала.

09:18 28.3.2020

Қазақстанда қатарынан 41 адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 28 наурыз таңертеңгі сағат 10.05-те тағы 41 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда - 32 адам, Алматыда - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Ақмола облысында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Атырау облысында 1 адамнан вирус табылған.

Осылайша елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артып, науқастар саны 191 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтанда - 107 адам
  • Алматыда - 57 адам
  • Қарағандыда - 4 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Атырау облысында - 4 адам
  • Ақмола облысында - 5 адам
  • Шымкентте - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Алматы - облысында - 2 адам
  • Ақтөбе облысында - 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Қызылорда облысында - 1 адам.

26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. Оның коронавирус жұқтырғаны қайтыс болған соң анықталған. Елде барлығы төрт науқас: Алматыда - үш, Нұр-Сұлтанда бір адам дерттен айықты. Олардың бірі - 12 жасар қыз бала.

10:29 28.3.2020

Францияда коронавирустан мектеп оқушысы қайтыс болды

Париждегі Трокадеро алаңы.
Париждегі Трокадеро алаңы.

Екі күн бұрын Париждегі ауруханалардың бірінде коронавирустан мектеп оқушысы қайтыс болды. Бұл туралы жұма, 27 наурызда Radio France Internationale хабарлады. 16 жастағы оқушы - Францияда коронавирустан қайтыс болған кәмелетке толмаған алғашқы жасөспірім.

Өткен аптада мектеп оқушысында жөтел пайда болып, сенбі күні тынысы тарыла бастаған. Дүйсенбі күні жөтелі күшейе түскен. Анасы Жюлиді дәрігерге апарған. Терапевт "дұрыс тыныс ала алмайды" деп жедел жәрдем көлігін шақырған.

Қыз баланы жақын жердегі ауруханаға апарған кезде одан коронавирус табылған. Дәрігерлер одан соң оқушыны Париждегі балалар ауруханасына ауыстырған. Қайтыс болардан бірнеше сағат бұрын Жюли жүрек ауруына шағымданған.

Франция денсаулық сақтау министрінің орынбасары Жером Саломон бейсенбі күні кешке мектеп оқушысы жастарда сирек кездесетін вирус ауруының шалдыққанын айтты.

Үкімет жетекшісі Эдуард Филипп 28 наурызда Францияны эпидемия жайлап жатыр деп мәлімдеген.

Францияда 29 мыңнан астам адамға вирус жұққан, 1696 адам вирустан қайтыс болған. 5 мыңға жуық адам айыққан.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG