Алматы облысында вирус жұқтырғандар саны екі адамға көбейді
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 28 наурыз сағат 11.30-да Алматы облысында тағы екі адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.
Қазақстанда барлығы 193 науқас болды:
- Нұр-Сұлтанда - 107 адам
- Алматыда - 57 адам
- Қарағандыда - 4 адам
- Жамбыл облысында - 3 адам
- Атырау облысында - 4 адам
- Ақмола облысында - 5 адам
- Шымкентте - 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
- Алматы - облысында - 4 адам
- Ақтөбе облысында - 1 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
- Павлодар облысында - 1 адам
- Маңғыстау облысында - 1 адам
- Қызылорда облысында - 1 адам.
26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. Оның коронавирус жұқтырғаны қайтыс болған соң анықталған. Елде барлығы төрт науқас: Алматыда - үш, Нұр-Сұлтанда бір адам дерттен айықты. Олардың бірі - 12 жасар қыз бала.
Қазақстанда тағы 11 адамнан коронавирус табылды, науқастар саны 200-ден асты
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 28 наурыз түскі сағат 11.50-де тағы 11 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда - 10 адам, Алматыда - 1 адамнан вирус табылған. Шамамен бір сағат бұрын 43 адамнан вирус табылғаны белгілі болған еді.
Министрліктің айтуынша, Нұр-Сұлтанда екі науқас жазылып, үйлеріне қайтарылған. 28 наурызда тағы 10 адам ауруханадан шығады. Олар екі апта бойы үйде карантинде болады. Соңғы екі күнге вирус анықталған науқастардың барлығы стационарда жатыр. Олармен байланыста болған адамдар іздестіріліп жатыр.
Осылайша елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артып, науқастар саны 204 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтанда - 117 адам
- Алматыда - 58 адам
- Қарағандыда - 4 адам
- Жамбыл облысында - 3 адам
- Атырау облысында - 4 адам
- Ақмола облысында - 5 адам
- Шымкентте - 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
- Алматы - облысында - 4 адам
- Ақтөбе облысында - 1 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
- Павлодар облысында - 1 адам
- Маңғыстау облысында - 1 адам
- Қызылорда облысында - 1 адам.
26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. Оның коронавирус жұқтырғаны қайтыс болған соң анықталған. Елде барлығы алты науқас: Алматыда - үш, Нұр-Сұлтанда үш адам дерттен айықты. Олардың бірі - 12 жасар қыз бала.
Алматы облысында коронавирус жұққандардың бірі Оңтүстік Кореядан ұшып келген
Қазақстанда 28 наурыз түске дейін 54 адамнан вирус табылғаны белгілі болды.
Нұр-Сұлтанда - 42 адам, Алматыда - 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Ақмола облысында - 2 адам, Алматы облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Атырау облысында 1 адамнан вирус табылған.
Облыс әкімдігіне сілтеме жасаған Vlast сайтының жазуынша, Алматы облысында коронавирус жұққан үш науқас - бөлек үш ауданда тұрады.
"Бірінші науқас - 1957 жылғы әйел Іле аудандық провизорлық ауруханасында жатқан. Екіншісі Жамбыл ауданында тіркелді. 1997 жылғы қыз 20 наурызда Оңтүстік Кореядан Алматыға ұшып келген. Үшінші науқас - 1995 жылғы Қарасай ауданының тұрғыны. Оның аяғы ауыр" делінген облыстық әкімдік хабарламасында.
Олардың барлығы Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасында емделіп жатыр. Жағдайлары - бір қалыпты. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел науқастармен байланыста болған адамдар анықталып жатқанын айтты.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Instagrаm-дағы парақшасында облыста коронавирус анықталған екі науқас туралы жазды.
"Семейлік ерлі-зайыпты екі адам, [екеуі де] 1959 жылы туған. Олар 21 наурызда Шарм-Эль-Шейх - Нұрсұлтан бағыты бойынша ұшып келген. Египетте демалыста болған. Семейге көліктерімен жеткен" деп жазды Ахметов.
Әкімнің айтуынша, олардың жанында тағы бес адам - отбасы мүшелері болған. Олардың төртеуінен вирус анықталмаған. Қазір біреуінің анализі зерттеліп жатыр.
Бұған қоса, олармен байланыста болған тағы бір адамнан анализ алынған. Төрт адам провизорлық стационарда оқшауланған. Қалған төрт адам карантиндік стационарда жатыр. Дәрігерлер бақылауында. Ахметовтің айтуынша, науқастардың жағдайы орташа ауыр, бірақ тұрақты.
Соңғы дерек бойынша Қазақстанда 204 адамнан коронавирус табылған
БАҚ: Қызылордада коронавирус табылған әйел Оңтүстік Кореядан 1 наурызда келген
Қызылордада коронавирус табылған 1955 жылғы әйел аймаққа 1 наурызда Оңтүстік Кореядан ұшып келген. Ол жақта қызметтік іссапарда болған деп хабарлады мемлекеттік 24.kz сайты.
Келе салысымен бірден карантинге жатқызылған. Кейіннен дәрігерлер оны үйіне жіберіп, сол жақтан бақылаған. Жақында оның жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем бригада тобын шақырған. Тестен өткеннен кейін диагнозы расталған. Қазір облыстық инфекциялық ауруханасында жатыр.
- Жағдайы орташа ауыр. Науқас құрғақ жөтел, тамағы жыбырлайтынын айтады, дене қызуы да бар. Хаттамаға сәйкес емдеп жатырмыз, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Жақсылық Әбдісәметов.
Басқарманың айтуынша, науқаспен байланыста болған 30-ға жуық адам анықталған. Онымен жақын қарым-қатынаста болған адамдар тізімі жасалып, 14 күн стационарға жатқызылады.
Басқарма өкілдері науқас тұрған аумақта дезинфекция жүріп жатқанын айтты.
Соңғы дерек бойынша Қазақстанда 204 адамнан коронавирус табылған. Кемінде 14 адам дерттен айыққан.
ПІКІРЛЕР