Ресей басқыншылығы Украинаның шығысындағы бейбіт халықты тығырыққа тіреп, тағдырын тәлкекке салды. Украинаның қарсы шабуылы оларды оккупациядан азат еткенімен, көбінің өмірі күл-талқан болды.
Әлеуметтік желіде Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға келуіне қарсылық жүріп жатыр. Наразылық Украинадағы соғысқа байланысты. Билік өкілдері оның сапары аса маңызды екенін айтады.
10 қазанда Киевте бірнеше жарылыс болды, қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Бұл шабуыл Ресей президенті Владимир Путин Қырымды Ресеймен жалғайтын көпірде болған жарылысқа Украинаны айыптаған күннің ертесіне жасалды.
Экс-президентке кеңесші болған Ермұхамет Ертісбаев АҚШ пен Батысты айыптайды. Оның Тоқаевты қолдаған құрылтайдағы сөзі Кремль пропагандасымен үндес шықты.
Өскемен қаласынан 35 шақырым жердегі Айыртау ауылының тұрғындары ішетін таза суға зәру. Ауылдағы 12 көшенің жетеуіне су тартылған, бірақ ол ішуге жарамайды. Тұрғындар бір шақырым жердегі ескі құдыққа барады.
20 қарашаға белгіленген кезектен тыс презиент сайлауына бірнеше партия бірігіп бір ғана кандидат - Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды. Алматыда тіркелмеген "Демократиялық партия" белсенділері "Аманат" партиясының ғимаратына барып наразылық білдірді.
Ресей Украинадағы соғысқа байланысты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан әскер сұраған жоқ деді ұйымның баспасөз қызметі. Қазақстан билігі де соғысқа араласпайтынын айтады.
Украина Ресей басып алған елдімекендерді бірінен соң бірін азат етіп жатыр. Соңғы күндері Херсон бағытындағы қарсы шабуыл қарқын ала бастады.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының атынан президент сайлауына Нұрлан Әуесбаев қатысады.Мұндай шешім 1 қазанда партияның астанада өткен съезінде қабылданды. Партия делегаттары оппозициялық саясаткерлер Жасарал Қуанышалин мен Уәлихан Қайсардың кандидатурасын қолдаудан бас тартты.
Астана қаласында өздерін жалғызбасты анамыз деп таныстырған тұрғындар әкімдіктен тұрғын үй мәселесін шешіп беруді талап етті.
Зерттеушілер Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Женевадағы Ұлттар сарайын жөндеуге бөлінген қаражатқа құдағиының тұс кілемін алғанын анықтаған.
Ресей президенті Владимир Путин "ішінара мобилизация" (ресейліктер мұны толыққанды мобилизация дейді) жариялағаннан кейін елдегі азаматтар әскерге жаппай шақырту ала бастады. Соғысқа аттанып бара жатқандардың арасында әскери тәжірибесі жоқтар да көп.
Ресейдегі әскери мобилизациядан Қазақстанға қашып жатқандар әлі көп. Бәрі де Путиннің соғысына қатысқысы келмейді. Сайлау бюллетеніне "Бәріне қарсымын" дейтін графа не үшін қосылды? Орталық сайлау комиссиясы ол таңдау сайлау қорытындысына еш әсер етпейтінін айтады.
Freedom House (FH) халықаралық құқық қорғау ұйымы "Өтпелі кезең елдері - 2022. Демократияны құлдыратудан авторитар агрессияға дейін" атты есебінде Қазақстандағы саяси жүйені "орныққан авторитар режим" деп атаған.
Ресейден қашқандар Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталығын жағалап жүр. Орталық оларды уақытша тіркеуге алып, ЖСН таратып жатыр. Қаңтар оқиғасында азаптаудан өлген адамның туыстары күдікті полицейлердің қамалмағанына наразы.
Тағы