Accessibility links

Виктор Орбан Грузияға сапармен бармақшы


Венгрия премьері Виктор Орбан
Венгрия премьері Виктор Орбан

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан 28-29 қазанда Грузияға сапармен бармақшы. Мұндай ақпаратты 27 қазанда Грузия үкіметі таратты. Елдің премьері Ираклий Кобахидзенің кеңсесі Орбан екеуі бірқатар кездесу қорытындысы бойынша баспасөзге мәлімдеме жасайды деп хабарлады.

Виктор Орбан – Грузияның биліктегі "Грузин арманы" партиясын 26 қазанда өткен парламент сайлауындағы жеңісімен құттықтаған бірінші шетел лидері. Орбан оларды алғашқы ресми дауыс беру қорытындысы шыққанға дейін құттықтап қойды.

Венгрияның қазіргі премьер-министрі – грузин оппозициясы "ресейшіл партия" деп атайтын "Грузин арманы" билікте отырған Тбилисидегі үкіметтің негізгі одақтастарының бірі. Орбан Кремльге жақын еуропалық саясаткер саналады.

"Грузин арманы" партиясы саяси бәсекелестерінен сын естіп жатқан тұста жеңісін тойлап жатыр. Оппозиция заң бұзу фактілері болғанын, сайлаудың ресми нәтижесін мойындамайтынын және наразылық акциясына шығуға дайын екенін мәлімдеді. Грузия президенті Саломе Зурабишвили сайлауды "толықтай бұрмаланған" деп атады. Ол елдің НАТО мен Еуроодаққа жақындай түскенін жақтайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG