Оның алдында ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметов, Қазақстанның Грузиядағы НАТО-ның оқу-жаттығуларына қатыспайтындығын мәлімдеген болатын. Министр өз түсініктемесінде: «Бұл нақты шешім, оған біздің уақытымыз жоқ,- деген еді.
Бастапқыда Қазақстан аталған оқу-жаттығуға қатысушылардың тізімінде аталған болатын. Дегенмен, Қазақстан тарапы «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы аясында біз көптеген шараларға қатысамыз. Бірақ Грузияда өтетін соңғы бөлімге қатысамыз деп айтқан емеспіз»- деген болатын.
Қалыптасқан жағдайға қатысты кей сарапшылар, Қазақстан НАТО-ға байланысты әрбір қадамын Ресеймен сәйкестендіріп отыр деген пікір айтады.
2007-2008 жылдары Қазақстан Ауғанстанды қалпына келтіруге 2,5 миллион АҚШ долларын жұмсаған болатын. Биылғы жылғы наурыз айында Қазақстан бұл көмекті жалғастыруға ниетінің бар екендігін жария еткен еді. Сондай-ақ, Қазақстан ауғандық мамандарды дайындауға қатысатындықтарын білдірді, бірақ әскер жіберу және НАТО операцияларына қатысу туралы әлі ешқандай ресми хабар жоқ.
Қалай болғанда да альянс өкілі Роберт Симмонс Ауғанстанға әскерін жіберу немесе жібермеу туралы соңғы шешімді Қазақстанның өзі қабылдайды деп атап өтті. Қазақстан 1992 жылы Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне кіріп, ал екі жылдан кейін натолық «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасына қосылған болатын.
Қазақстанның гуманитарлық -саяси коньюнктура орталығының сарапшы маманы Әсет Тұрдығұловтың пікірінше, Қазақстан соңғы кезде НАТО-мен арадағы байланыстарға сақтықпен қарап отыр.
- Жалпы халықаралық аренада біздің еліміз Ресейшіл мемлекет ретінде бағаланады. Грузиядағы оқу-жаттығу шараларынан бас тартуына келер болса: бұл жерде кез - келген мемлекеттің бас тартуына құқы бар екендігін атап өткен дұрыс. Бірақ, тағы бір ескеретін жайт, біз НАТО-ға қатысты әрбір қадамымызды Ресеймен сәйкестендіріп отырмыз – дейді ол.
«Рейтер» ақпарат агенттігі Қазақстанның Грузия аймағында өтетін НАТО оқу-жаттығуына қатысудан бас тарту шешімін «Ресейге деген қолдаушылықты жария ету» деп бағалаған еді. Сондай-ақ соңғы кездері Қазақстан мен Ресейдің өзара тығыз байланысы туралы да айтылып жатыр.
Дегенмен, сарапшы Әсет Тұрдығұлов Қазақстанмен байланыста Ресей де, НАТО-елдері де белгілі бір мүддені көздейтіндігін ұмытпаған жөн деген ой айтады.
Ал саясаттанушы Айдос Сарымның сөзіне қарағанда, Қазақстанның Грузия аймағында өткен оқу-жаттығуына қатыспауы үлкен қателік.
- Бұл жерде бір ғана мақсат бар – ол Ресейдің көңілін аулау. Содан ғана туындаған жайт деп ойлаймын. Ал жалпы алдағы уақытта Қазақстан мен НАТО- ның арасында өзара ықпалдастық пен ынтымақтастық өсе түсуі керек.
Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасының негізінде шынайы достықтан гөрі сыбайластық басым дейді саясаттанушы.
- Біздегі тағы да бір үлкен мәселе, Ресей мен Қазақстан генералдарының арасындағы коррупциялық ынтымақтастық. Осыдан кету керек. Мүмкіндік болса, әлемдік үрдістерге сай техникаларды, қару-жарақ түрлерін Ресейден емес, Батыстан сатып алған дұрыс сияқты. Ресеймен осы салада жасалған қарым-қатынастардың арты немен аяқталып жатқандығы баршаға аян. Бір ғана «КазСат»-пен болған жайт оған дәлел –дейді саясаттанушы.
Алайда саясаттанушы Дос Көшімнің сөзіне қарағанда Қазақстанды НАТО әскери одағымен қоян-қолтық жұмыс істемеді деп айыптау дұрыс емес.
–Дегенмен қазіргі таңда Қазақстанда Ресей мемлекетінің ықпалы бар екені рас. Ол билікте отырған шенеуніктердің іс-қимылдарынан анық байқалады. Біріншіден, НАТО- Солтүстік Атлантикалық одағы болғаннан кейін Қазақстаннан өте алыс жатқандығы белгілі. Соған басымызды тығып, оған мүше болу немесе сол одақтың бақылаушысы болу Қазақстанға қаншалықты керек? Біз одан гөрі Оңтүстік Шығыстағы елдермен немесе Шанхай ынтымақтастығы ұйымдарымен байланысымызды нығайтқанымыз дұрыс сияқты, – деген Дос Көшім:
- Школьник мырзаның соңғы кездегі Ақтаудағы «атомэлектростанциясына» қатысты мәселесі, Қазақстанның алғашы спутнигі туралы мәселе, сондай-ақ өзімізде автомобиль өнеркәсібі жоқ болса да, оны 30 пайызға көтеріп, сырттан келетін көліктерге тоқтау салу, Ресейдің экономикалық мүддесін қорғау сияқты жайттардың барлығы сондай ықпалдың нышаны деп білемін . Сондықтан, әрине екі елдің арасында белгілі бір жоспарлар мен жобаларды жүзеге асыруда коррупциялық байланыстың бар екендігін мен жоққа шығармаймын, – деген де ойын ортаға салды сұхбаттасымыз.
Десек те, НАТО-лық «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасына қосылған Қазақстан Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі бейбітшіл операцияға қатысудан бас тартпағаны дұрыс дейді саясаттанушы.
ИНТЕРФАКС-КАЗАХСТАН агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан мен НАТО Астанада еуроатлантикалық ынтымақтастық кеңесінің қауіпсіздігі жөнінде 24-25-ші маусымында форум өткізбек. НАТО жұмыс тобының жуырда Астанадағы сапары аясында осыған сәйкес меморандумға қол қойылды дейді ақпарат көзі.
Сондай-ақ, форумға НАТО-ның мемлекеттік хатшысы Яап де Хооп Схеффер және НАТО жанындағы делегацияларының басшылары қатысады деп күтілуде. Қауіпсіздік форумы –НАТО-ның бастамасымен дәстүрлі түрде өтіп тұратын, сыртқы саясат пен әскери ведомстволардың, саясаттанушылар мен мемлекеттік емес ұйымдар өкілдерінің бейресми кездесуі.
Қазақстанның Грузия жерінде өтетін НАТО-ның әскери жаттығуларына қатыспауында ешқандай саяси астар жоқ. Бұл ақпарат жөнінде бүгін түсініктеме берген Қорғаныс министрі Даниал Ахметов осылай деді.
Министрдің айтуынша, Қазақстан НАТО жаттығуларының Грузияда өтетін соңғы кезеңіне басынан аяқ қатысуға өтініш бермеген. «Алайда қазақстандықтар Солтүстік атлантикалық альянстың бастапқы жаттығуларында болып, еліміздің бірқатар офицерлері дайындықтан өтті», - деді Даниал Ахметов.
Естеріңізге сала кетсек, алдағы мамыр айында Грузияда НАТО ұйымына мүше мемлекеттердің әскери жаттығулары өтеді. Оған әзірге 19 ел қатысуға ниет білдірген. Ақпарат көздері ұйымның бұл жолғы жаттығулары «Бейбітшілік үшін әріптестік» деген атаумен «Грузия елінің НАТО стандарттарына сәйкестігін арттыру мақсатында өтеді» деген ақпарат таратылған.
Алайда альянстың жаттығуларды Грузияда өткізу туралы шешімін Ресей тарапы сынға алды. "Бұл - ойланбай істелген іс. - деген Ресей президенті Дмитрий Медведев, - Жаттығуларды осы елде өткізу, бірінші кезекте Оңтүстік Осетия мен Абхазия халқына кері әсерін тигізеді. Сондықтан да бұл әріптестікті күшейтпейді, керсінше, онсыз да мәз емес Кавказ өңіріндегі жағдайды ушықтыруы мүмкін," - деп атап өткен болатын.