Мереке Халықаралық сығандар одағының құрылған күні аталып өтіледі. Аталмыш одақ 1971 жылы 8 сәуірде әлемдегі сығандар бас қосқан Конгресте құрылды.
Сарапшылар соңғы жарты ғасырда сығандар өмірінде екі маңызды оқиға болғандығын айтады. Біріншісі – олар бір орынға тұрақтады, екіншісі–ұлттық интеллигенция қалыптасты. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда тұратын сығандардың нақты саны анықталмағанымен, Алматы қаласында 100-ге тарта отбасы тұратындығы белгілі.
Алматылық Любовь Яворская «Ягори» сыған ансамблінің жетекшісі, ол Қазақстанға осыдан 28 жыл бұрын Ресейден көшіп келген. Халықаралық сығандар күні туралы жақында ғана естіп- білдім дейді ол.
- Әрине, сығандардың халықаралық күні бар екендігі қуанышты. Біз өз кезегімізде оны дүркіретіп атап өтеміз. Айта кету керек, сығандар өздері той- томалаққа жақын халық қой, сол себепті бізге отбасы, туған- туыстарымызбен бас қосып, мереке ұйымдастыру деген үйреншікті жайт, –дейді сұхбаттасымыз.
Любовь Яворская сығандардың бір орынға тұрақтағаны жақсы екендігін жасырмайды, алайда ол тұрақтылық сығандардың өміріне өзгеріс әкелгендігін де айтады. Сенім-наным мен ұлттық дәстүрлер ұмытыла бастаған.Сұхбаттасымыз қазір құда түсу салтынан өзге дәстүрлердің барлығы да өзгергенін айтады.
- Қазір сығандар арасында қатаң сақталатын салт-дәстүрлер аз. Ондай сақталып қалған дәстүрлердің бірі - құда түсу. Бұл жерде міндетті түрде жігіт қалыңдықтың ата-анасының алдынан өтуі керек. Егер үлкендер келіспей жатса, алып қашуға да болады. Айта кету керек, Алматыда тұратын сығандардың ішінде христиан діні мен мұсылман дінін ұстанғандар бар. Соңғылары қалыңдық үшін қалың мал береді,-дейді ол.
Любовь Яворскаяның айтуынша, сығандар көшпенді халық болған соң қолынан көп нәрсе келеді. Әсіресе, ән айту мен би билеуден алдына жан салмайды. Қазір той – томалақтарда сыған өнер ұжымдарын жиі кездестіруге болады. Дегенмен, Алматыда кәсіби деңгейде би билеп, ән айтуға дағдыланған 2-ақ ұжым бар.
Оның бірі «Ягори» ансамблі. Ягори қазақша «жалын» деген мағына береді. Құрылғанына 9 жыл болған ансамбль құрамында 8 адам бар. Ансамбль жетекшісі Любовь Яворская алғашқыда қазіргі заманғы әндермен шектелетінбіз дейді. Ал қазіргі тыңдарман сұранысы өзгеріп классикалық әндерді көп сұрайды екен.
- Қазір дағдарыстың әсерінен болар (күледі), көп тыңдарман ойландыратын, классикалық музыканы тыңдағанды ұнатады. Сол себепті 20-шы ғасырдың басындағы ескі сыған серенадаларын репертуарымызға қосып жатырмыз. Ал негізі бізді көбіне тойларға көңіл көтеру үшін шақырады ғой, сондықтан ырғақты әндеріміз де әрдайым дайын, – дейді Любовь Яворская.
Любовь Яворскаяның қызы Ангелина «Ягори» ансамблінің бишісі. Ангелина ұжыммен той думандарда немесе түрлі байқауларға қатысқанды ұнататындығын айтады. 9-шы сынып бітіргеннен кейін қосымша курстарға барған бойжеткен 19 жасынан бастап осы ұжымда би билейді, сондықтан оқу оқуға әлі қолым тимей жүр дейді ол.
- Сыған әйелдерінің жұмыс істейтін жерлері арнайы білім алуды қажет етпейді. Мәселен біздер ән айтып, би билеуден басқа саудамен айналысамыз. Ал оған арнайы жоғары білімнің қажет шамалы, – дейді Ангелина.
Дегенмен, би билеумен қатар бойжеткен болашақта дипломды маман болуды да көздейді екен. Ал жалпы қазақстандық сығандардың жастары өзге құрбыларынан еш өзгешеленбейді дейді Ангелина. Киім киісіміз, салт дәстүріміз бәрі ұқсас.
Сыған халқы әрдайым үлкендерге ерекше сый-құрметпен қараған, «менің ұлтымның дәл сол қасиеті маған өте қымбат» дейді бойжеткен.